Қазақстанда газ бағасы 2024 жылға дейін өзгермейді

8 Ақпан 2022, 12:07
2027
Бөлісу:
Қазақстанда газ бағасы 2024 жылға дейін өзгермейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде газдың бағасы 2024 жылға дейін бекітіледі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету» бағыты бойынша Үкімет инфляцияны бақылау және төмендету, тарифтік саясатты жетілдіру, қаржылық тәртіп пен ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға бағытталады, - деп айтты Үкімет басшысы.

Оның сөзінше, ішкі нарықты ұлғайту және олардың тапшылығын болдырмау үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өндірісі ұлғайтылады.

Тауарларды таратудың ұлттық жүйесін құрудың 1-ші кезеңі де жүзеге асырылады. Ішкі нарық қосымша 150 мың тонна сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етіледі. Шикізат пен тауарлық газ бағасы 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін өткен жылдың желтоқсан айының деңгейінде бекітіледі, - деп түсіндірді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы