Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда ет бағасы неге тез өсті?

Олжас АДАЙ
8 Тамыз 2025, 19:33
9033
Бөлісу:
 автордан
Фото: автордан

Астанада сиыр етінің бағасы бір жылда 1000 теңгеге қымбаттады. Сатушылар мұны жалдау ақысы мен шекарадан шығатын етпен байланыстырса, әкімдік жәрмеңкелердің бағаны тұрақтандырып отырғанын айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кәсіпкер Раиса Тұралиева Астанада ең көп сұраныс – сиыр етіне, кейін жылқы және қой еті өтімді дейді.

Ет сатумен күйеуіміз екеуміз 12 жылдай айналысамыз. Ет әртүрлі аймақтан жеткізіледі. Мысалы, бізге Ақмола облысының Зеренді ауданынан келеді. Ауыл-аймақтағы ағайын малын өсіріп, сойып бізге сатады. Еттің бағасы бізге келгенде құбылады. Себебі жалға алып отырған сауда орнының ақысы мен жұмысшылардың жалақысын төлейміз. Қолымызға қалатыны айына 400–500 мың теңге, – дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда ет бағасы 1000 теңгеге қымбаттаған.

Қазақстанда ет бағасы неге тез өсті?

Иә, ет сатушылар үшін бұл баға жақсы көрінуі мүмкін, бірақ халық үшін қымбат. Қазір қалада сиыр етінің бір келісінің бағасы – 3900–4000 теңге. Кейде өтпей қалады. Шекара ашылған кезде дайын еттің бәрі сыртқа кетеді. Бұл біз үшін дүрбелең сәт. Қалада сататын біз экспортқа шығара алмаймыз. Сол кезде баға 400–500 теңгеге өседі. Яғни қалада өткізетіндер бір аптадай ет таппай, жұмыссыз қала жаздайды, – дейді ол.

Тағы бір мал өсірумен айналысатын кәсіпкер Жандос Қалиақпаровтың сөзінше, ет бағасы тек сатушылардың емес, біз – мал өсірушілердің де мәселесі.

Қазақстанда ет бағасы неге тез өсті?

Соңғы бір жылда жем-шөп бағасы айтарлықтай өсіп жатыр. Әсіресе, қуаңшылық болған аймақтарда мал ұстау шығыны бірнеше есе өсті. Біз малды сол бағамен сойып, арзанға берсек, шығынға батамыз. Ал бағаны көтерсек, халықтың қалтасы көтермейді. Бұл – екі жаққа да қиын жағдай, – дейді Қалиақпаров.

Оның айтуынша, жәрмеңкелер бағаны біршама ұстап тұрғанымен, тұрақты шешім емес.

Қазақстанда ет бағасы неге тез өсті?

Жәрмеңке екі күн өтеді, ал қалған уақытта базар мен дүкендерде баға жоғары болып қалады. Шешім – жергілікті ет өңдеу зауыттарын қолдау және тасымалдау шығынын азайту, – дейді фермер.

Ауылдан келген ет міндетті түрде анықтамамен бірге жеткізіледі. Кейін сауда желісіндегі зертханадан тексеруден өтіп, содан кейін ғана сатылады.

Қазақстанда ет бағасы неге тез өсті?

Астана әкімдігі не дейді?

Әкімдік мәліметінше, елорданы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін Қазақстан өңірлерінің тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.

Қазақстанда ет бағасы неге тез өсті?

Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қойылатын талаптар:

- Өнім сапасын растау үшін барлық тауар мамандандырылған мекемелерде зертханалық тексеруден өтуі тиіс. 

- барлық қатысушылар санитарлық ережелерді, гигиеналық нормативтерді, өрт қауіпсіздігі талаптарын және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің басқа да ережелерін сақтауы керек.

Қазақстанда ет бағасы неге тез өсті?

Өнім сатуға арналған орын фермерлерге тегін беріледі. Бірақ тасымалдау, қосымша аумақты жалға алу, сақтау және басқа да операциялық шығындарды фермерлер өздері өтейді.

Жәрмеңкелер қаладағы сауда орындарына бәсекелестік туғызып, негізгі азық-түлік бағасын реттеуге ықпал етеді. Әкімдік ресми статистиканың нарықтағы нақты жағдайды толық көрсете бермейтінін айтады, себебі ол супермаркет пен базардағы орташа бағаға сүйенеді. Ал жәрмеңкелерде баға әдетте төмен болады.

Қазақстанда ет бағасы неге тез өсті?

Қазір демалыс күндері қалада екі жерде жәрмеңке өтеді:

- Сарыарқа ауданы, Тілендиев көшесі, 12
- Байқоңыр ауданы, Алаш тас жолы, 35Б

Тамыздың соңынан бастап жыл сайынғы өңірлік жәрмеңкелер басталады. Дәстүр бойынша Түркістан облысы бірінші болып ашады.

Сауда министрлігінің жауабы

Министрлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өндірушіден тікелей тұтынушыға делдалсыз жеткізудің ең тиімді жолы деп санайды.

Биыл ел бойынша 2 мыңнан астам жәрмеңке ұйымдастырылып, миллионнан астам қазақстандық қатысқан. Ондағы баға нарықтағыдан 15–20% арзан.

Қазақстанда ет бағасы неге тез өсті?

Мысалы, 17–18 мамырда өткен жәрмеңкелерде 200 тоннаға жуық ет сатылған. Соның ішінде ең көп сатылым Алматыда (45 тонна), Ақтөбе облысында (21 тонна) және Павлодар облысында (12,3 тонна) тіркелген.

Қазақстанда ет бағасы неге тез өсті?

Наурыз–мамыр аралығында өңірлік жәрмеңкелерде 1782 тоннадан астам сиыр еті саудаланған. Былтыр желтоқсандағы 250-ден астам жәрмеңкеге миллионнан астам адам келген. Орта есеппен ай сайын 200–250 жәрмеңке өтеді.

Өзгелердің жаңалығы