Қазақстанда ескі 10 000 теңгелік банкноттар қай уақытқа дейін қолданылатыны белгілі болды

Ұлттық банк номиналы 10 000 теңгелік ескі купюраларды пайдалану мерзімін ұзартады

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 14:30
Бүгiн 2026, 14:30
306
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қазақстанда номиналы 10 000 теңгелік ескі банкноттарды пайдалану мерзімін тағы бір жылға ұзарту жоспарлануда. Бұл туралы журналистердің сұрақтарына жауап берген Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оның айтуынша, тиісті шешім екінші деңгейлі банктердің өтініші бойынша қарастырылуда.

Иә, біз мерзімді тағы бір жылға ұзартуды жоспарлап отырмыз. Оларға сұраныс жоғары, сондықтан Қаржыгерлер қауымдастығы - негізінен екінші деңгейлі банктер - бізге мерзімді тағы бір жылға ұзарту туралы өтінішпен жүгінді. Бұл қалыпты жағдай, - деді Тимур Сүлейменов.


Айта кетейік, осыған дейін ескі үлгідегі 10 000 теңгеліктің айналым мерзімі 2026 жылдың маусымында аяқталады деп жоспарланған болатын. Енді оны 2027 жылдың маусымына дейін ұзарту көзделіп отыр. 

Еске салайық, бұған дейін дүкендер ескі ақшаны қабылдамаса, не істеу керек екенін жазылған. 

 

Наверх