Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда енді 66 км/сағ жылдамдықтан бастап айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

2 Желтоқсан 2025, 12:38
2009
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде тараған, бейнебақылау камералары жылдамдықты 66 км/сағаттан бастап тіркейді деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда енді 66 км/сағ жылдамдықтан бастап айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

Ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Елдімекендерде жеңіл автокөліктер үшін әлі де стандартты норма – 60 км/сағ. Камералар тек 70 км/сағ және одан жоғары жылдамдық асырылғанда ғана тіркейді, - деді ведомствода.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы