Қазақстанда электромобильдер мен пилотсыз көліктер нарығы қалай дамиды?

Бөлісу:
Қазақстанда электромобильдер мен пилотсыз көліктер нарығы қалай дамиды?
Фото: pixabay.com

Электромобильдер нарығын дамыту жүйелі қолдауды қажет етеді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда электр көліктеріне арналған инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын әзірлеп, оларды сатып алуды ынталандыру қажет.

Кейбір елдерде электр көліктеріне автотұрақ жеңілдіктері, ақылы жолдарды тегін пайдалану, қоғамдық көлік жолағымен жүру рұқсаттары қарастырылған. Қазақстанда да осыған ұқсас шаралар енгізу ұсынылады, – деді министр.

Сонымен қатар, Қазақстан пилотсыз көлік технологияларын дамыту үшін халықаралық компанияларды тартуды көздеп отыр. Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бұл бағытта бірнеше кезеңдік жоспар ұсынылған:

1. Бірінші кезең – "Реттеуші құмсалғыш" моделі іске қосылып, нормативті-құқықтық актілер (НҚА) қабылданады және пилоттық сынақтар үшін арнайы алаңдар таңдалады.
2. Екінші кезең – пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, ол ұлттық деңгейде толыққанды іске қосылады.

Министрдің айтуынша, бұл бастама Қазақстанға бірқатар стратегиялық артықшылықтар береді:

- Халықаралық компаниялар мен инвестицияларды тарту. Google-дың Waymo жобасы, Tesla, Baidu, Mobileye, Yandex, Huawei сияқты компаниялар пилотсыз көліктерді сынау үшін икемді реттеуге ие елдерді іздейді.

Автономды көліктерге арналған зерттеулер, инфрақұрылым және компоненттер өндірісіне шетелдік инвестициялар тарту. Мысалы, БАӘ-де WeRide және Cruise компанияларына Дубайда пилотсыз такси сынауға рұқсат берілді. Бұл – жергілікті цифрландыруды жеделдеткен маңызды қадам.

Жергілікті стартаптардың дамуына мүмкіндік жасау. Пилотсыз технологиялар бойынша зерттеу мен тәжірибелерді арттыру арқылы Қазақстан стартаптар үшін перспективті платформаға айналуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы