2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында «Экспорттық акселерация-2024» және Alibaba.com халықаралық сауда платформасына отандық компанияларды шығару бойынша бағдарламаларына қатысу үшін іріктеу жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бағдарламалардың операторы - Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ.
Биыл экспорттық акселерацияға қатысу үшін машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты салалардың, сондай-ақ қызмет көрсетушілердің 120 кәсіпорны іріктелетін болады.
Бағдарламаның негізгі міндеті – мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларының көмегімен қазақстандық компаниялардың экспорттық әлеуетін арттыру. Жоба шағын және орта бизнестің шикізаттық емес бағыттағы перспективалы кәсіпорындарына бағытталған.
Акселерациялық бағдарлама шеңберінде экспорттық саудаға мүдделі қазақстандық кәсіпкерлер компанияның және оның өнімдерінің әлеуетін аналитикалық бағалаудан бастап, қолайлы нарықты таңдауға, сатып алушыны іздеуге, маркетингтік науқанды өткізуге, B2B-кездесулерді ұйымдастыруға және экспортқа арналған құжаттар тізбесін қалыптастыруға жәрдемдескенге дейін сыртқы сауда қызметінің ережелерін оқытудан бастап бірқатар қызметтер алады.
Акселератор идеясы жаңа емес, оны дамыған экономикалардың - АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия үкіметтері, сондай-ақ дамушы мемлекеттер де экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуға мүдделі белсенді қолданады.
2020 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстанда Экспорттық акселерация бағдарламасының қатысушылары 400-ден астам шағын және орта кәсіпорындар болды. Жақында қызмет көрсететін компаниялар бағдарламаға тұрақты қызығушылық танытуда.
Made in KZ тауарларын шетелде ілгерілету және танымал ету үшін QazTrade отандық кәсіпорындарға ірі халықаралық маркетплейcтерге, атап айтқанда Alibaba.com сауда платформасына шығуға мүмкіндік береді. Биылғы жылы 70 қазақстандық шикізаттық емес тауар өндірушілер мен жеткізушілер «Gold Supplier» (Алтын жеткізуші) премиум мәртебесін ала алады. Бұл мәртебе экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға әлемдік нарықтарға қол жеткізуге, Alibaba.com платформада өндірушінің танымалдығы мен имиджін арттыруға мүмкіндік береді.
Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерді платформада жұмыс істеуге және тауарларды ілгерілетуге оқыту, өнімді экспорттау кезінде толық сервистік қызмет көрсету және сүйемелдеу қарастырылған.
Цифрлық алаңды сатып алушылар арасында қазақстандық азық-түлік өнімдері-күнбағыс және рапс майы, шоколад және басқа да тауарлар үлкен сұранысқа ие.
Бағдарламаларды іске қосу аясында 14 наурызда QazTrade барлық тілек білдірген кәсіпкерлер үшін таныстыру вебинарын өткізеді, онда сарапшылар қатысу шарттары туралы әңгімелейді.