Қазақстанда экологиялық жанармай өндірісі жоспарланып жатыр – вице-министр

6 Қараша 2024, 11:28
311
Бөлісу:
Қазақстанда экологиялық жанармай өндірісі жоспарланып жатыр – вице-министр
Фото: автордан

Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев «Green Airports» аймақтық семинарында айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматыда алғаш рет Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO), ACI Europe және ҚР Көлік министрлігі мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қолдауымен «Green Airports» аймақтық семинары өтті.

Табиғатқа зияны жоқ, экологиялық жанармай жөнінде әртүрлі жобаны қарастырып жатырмыз. Қазақстанда экологиялық жанармай өндірісі жоспарланып жатыр. 2028 жылдан бастап Еуропа одағы жанармайдың осы түрін пайдаланатын авиакомпаниялармен жұмыс істеуге көшпек. Бізде осы бағытты қолға алып, әуежайларымыздағы ұшақтардың экологиялық таза жанармаймен ұшуы үшін бірқатар кешенді шаралады қолға алдық. Қазіргі таңда «ҚазМұнайГаз-Аэро» өнеркәсібі халықаралық банктермен бірігіп, өндіріс жасау үшін жұмыс істеп жатыр,- деді көлік вице-министрі Талғат Ластаев.

Өзгелердің жаңалығы