Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының қолданыстағы бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығының жобасын әзірледі, ол жалпы ауруға шалдығу немесе жұмыста мертігу себептері салдарынан мүгедектігі бойынша жәрдемақы, сондай-ақ жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақы тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқартуды көздейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құжат «Ашық НҚА» порталында 14 тамызға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.
Атап айтқанда, «Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 256 бұйрығы мен «Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусым № 257 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы жоғарыда көрсетілген НҚА-ны ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес келтіру, сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу немесе жұмыста мертігу себептері салдарынан мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, сондай-ақ жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақыны қалыптастыру, тағайындау және бекіту процестерін автоматтандыруға мақсатында әзірленді.
Құжатта жоғарыда көрсетілген жәрдемақыларды электрондық үкімет порталы арқылы немесе проактивті форматта тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін жеті жұмыс күнінен бір жұмыс күніне дейін қысқарту көзделеді.
Бұйрық жобасын қабылдау болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға алып келмейді.
Бұйрық жобасымен толығырақ «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15153315 сілтемесі бойынша танысуға болады.