Қазақстанда докторанттардың стипендиясын екі есе арттыру жоспарланып отыр

Қазір доктор.анттарға ай сайын 252 мың теңге стипендия төленеді

 unsplash.com 22 Тамыз 2026, 08:09
22 Тамыз 2026, 08:09
64
Фото: unsplash.com
Қазақстанда алдағы үш-төрт жыл ішінде докторанттардың стипендиясын екі есе арттыру жоспарланып отыр.
 
Бұл туралы 24.kz жазды.

Докторанттардың стипендиясын арттыру жөнінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астанада өткен форумда мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұған дейін де докторанттардың стипендиясы екі есе көтерілген.

Қазір докторанттардың стипендиясы айына 252 мың теңгені құрайды. Алдағы үш-төрт жыл ішінде оны тағы екі есе арттыруды жоспарлап отырмыз, – деді Саясат Нұрбек.

Министр Қазақстанда «Индустриялық PhD» бағдарламасы іске қосылғанын да еске салды. Бұл бағдарлама жас ғалымдарға өндірістегі жұмысын тоқтатпай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша үш жыл ішінде PhD дәрежесін алуға мүмкіндік береді.

Еске салайық, мемлекеттік грант бойынша білім алған докторантура түлектеріне міндетті еңбек өтеу мерзімін мектептерде және басқа да білім беру ұйымдарында өтеуге рұқсат берілді.

Наверх