Қазақстанда депутаттар әскери борышын өтеуден босатылған

19 Тамыз 2022, 15:47
611
Бөлісу:
Қазақстанда депутаттар әскери борышын өтеуден босатылған

Биыл елімізде 34 мыңға жуық жас әскерге аттанады. Жоспар - солай. Өткен жылмен салыстырғанда сарбаздар саны екі жарым мыңға артыпты. Осыдан ба, әйтеуір «әскерге қинап алып кетті» дегенді жиі естейтін болдық. Шекара шебінен шығып жатқан жағымсыз жаңалықтар да көп, деп хабарлайды BAQ.KZ  Хабар 24 сілтеме жасап.

Жалпы әскерге шақырылушылар саны ондағы бос орынмен есептеледі. Мәселен, 2020 жылы 33 997 жас қолына қару ұстаса, былтыр бұл сан сәл азайып, 32 мың 64 адам шекараға аттанды. Ал биыл әскерге шақырылушылар саны тағы өсті.

Дәл қазір әскери бөлімдерге 34668 жас қажет. 2020 – 33 997 жас әскерге аттанды. 2021– 32 064 жас әскерге аттанды. 2022 – 34 668 жас әскерге аттанады деп жоспарлануда.

Талап күшейді, сұраныс артты. Тиісінше, межені орындау үшін жастарды әскерге апарудың түрлі айла-тәсілдері пайда болды. «Әскерден босатып аламын» деп жарнамасын жарқыратқан заңгерлер де шықты. Әйтеуір осы тақырыптың төңірегі талас-тартыс, аласапыранға айналды.

Әскери қызметтен босату немесе оны өткеруден кейінге қалдыру әскерге шақыру комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. Оларға оқуын жалғастыру үшін, денсаулық жағдайына байланысты, отбасылық жағдайына байланысты азаматтар жатады, - дейді ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері Жазира Асанова.

Әскерге шақырылушының мерзімін кейінге қалдыру мемлекеттік қызмет. Ол егов арқылы жүзеге асады. Егер де шақырылушы азаматты босатуға негіздеме болса, 5 күннің ішінде ала алады.

Бұл қызметтен одан бөлек:

  • әскерден кәсіби қызмет ететін педагогтар
  • ауылдағы дәрігерлер
  • Парламент немесе мәслихат депуттары
  • ұшқыштар мен кеме экипажының мүшелері
  • құқық қорғау органдарының білім ұйымдарында алғашқы кәсіби білім алып жатқан азаматтар босатылады.
Өзгелердің жаңалығы