Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда бензин бағасы өсіп кетпей ме? Министр жауап берді

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
25 Қараша 2025, 11:44
678
Бөлісу:
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  -архив
VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

Энергетика министрі АИ-95 және АИ-98 бойынша баға өсуі мүмкін, ал АИ-92 мен дизельге мораторий күшінде екенін еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың айтуынша, жанар-жағармай нарығында алдымен әлеуметтік маңызы бар отын түрлеріне назар аудару қажет. Олардың қатарына бұрын мемлекет тарапынан реттеліп келген АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны кіреді.

АИ-95 және АИ-98 маркалы бензин бағасы бұрын ешқашан мемлекеттік реттеуге жатпаған. Сондықтан бұл отын түрлері бойынша баға өсуі мүмкін. АИ-92 бензині мен дизельдік отынға 2026 жылдың наурызына дейін мораторий жарияланған. Осы кезең ішінде үкіметтің шешіміне сәйкес, олардың бағасы өзгермейді, - деді Ерлан Ақкенженов Ақорда кулуарында.

Өзгелердің жаңалығы