Қазақстанда әйелдер мен балаларға арналған қауіпсіз орындар желісі құрылмақ

Жобаның басты мақсаты ел көлемінде әйелдер мен балаларды қорғауға арналған «қауіпсіз орындар» желісін қалыптастыру.

 ЖСДП 19 Ақпан 2026, 15:33
19 Ақпан 2026, 15:33
800
Фото: ЖСДП

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) «PANA» атты жаңа әлеуметтік жобаны жалпыұлттық деңгейде іске асыруды бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жобаның басты мақсаты ел көлемінде әйелдер мен балаларды қорғауға арналған «қауіпсіз орындар» желісін қалыптастыру.

2026 жылғы 19 ақпанда ЖСДП «PANA» әлеуметтік жобасын ресми түрде іске қосып, осы бастаманы таныстыру мақсатында Қазақстанда алғаш рет республикалық форум өткізді. Аталған жоба тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және әйелдер мен балаларға төнетін қауіптерді болдырмау тетіктерін қалыптастыруға бағытталған. «PANA» – Қазақстанда бұрын болмаған жаңа әлеуметтік бастама болғандықтан оны түсіндіру маңыздылығы ерекше дейді ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар, жобаны бастаушылар ел көлемінде «қауіпсіз орындар» желісін құрудың маңыздылығын атап өтті. Себебі өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда кез келген адам, әсіресе әйелдер мен балалар, шұғыл түрде қауіпсіз орын іздейді. Мұндай алғашқы көмек нүктесі ретінде ең жақын тұрған кәсіпкерлік нысан, яғни дүкен, дәріхана, сұлулық салоны және басқа да қоғамдық орындар болмақ.

Жобаға ерікті түрде қосылған кәсіпкерлік нысандарға алдымен түсіндіру жұмыстары мен қоса әрекет ету нұсқаулығы беріледі. Сонымен бірге арнайы қызыл түсті белгі (ана мен бала бейнесі бар пин) ілінеді. Осындай белгісі бар орынға көмекке мұқтаж адам кіріп, жағдайды түсіндірген сәттен бастап, аталған нысан жедел қызмет өкілдері келгенге дейін қауіпсіз орын бола алады.

Форумға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Рахымжанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова, SDP Inc. компаниясының вице-президенті Янник Ганье (Монреаль, Канада), «PANA» жобасының жетекшісі Лариса Ли, Астана қаласы бойынша Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Оксана Босько, Әйелдер күштері альянсының төрағасы, Іскер әйелдер қауымдастығы басқармасының мүшесі Гульзат Избасарова және өзге де шағын және орта бизнес өкілдері мен еріктілер қатысты.

Наверх