Қазақстанда аптап ыстық сақталады

26 Маусым 2022, 10:29
1647
Бөлісу:
Қазақстанда аптап ыстық сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республиканың барлық аумағында екпінді жел болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

26 маусым күні атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағының солтүстік бөлігінде және оңтүстік-шығысында құбылмалы күн райы сақталады: күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі. 

Күндіз Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде, Қызылорда, Ұлытау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Жетісу, Алматы, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады. Күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аумағында, Жетісу, Алматы облыстарының солтүстігі мен шығысында өте қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай, Алматы облыстарының батысында, Атырау облысының батысы мен шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау ауданының оңтүстік-батысында, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы