Қазақстанда АӨСШК Жастар кеңесінің жетінші отырысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбаймен кездесті.
Тараптар АӨСШК Жастар Кеңесінің алдағы жетінші отырысына және волонтерлік қозғалыстары көшбасшыларының Слетіне дайындық мәселелерін талқылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АӨСШК-нің алтыншы саммитінде бастамашылық жасаған іс-шара 2024 жылғы 16-17 мамырда Астанада өтеді.
Алғаш рет АӨСШК консультативтік-кеңесші органдарының бірі болып табылатын жастар кеңесінің отырысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтеді. АӨСШК Министрлер Кеңесінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі орнықты даму мүддесінде еріктілікті ілгерілету туралы өтінішін практикалық іске асыру мақсатында алдағы кездесу АӨСШК кеңістігіндегі волонтерліктің рөлі мен дамуына арналады.
Әрине, бұл АӨСШК қызметінің жаңа бағытына азаматтарды волонтерлік қызметке белсенді тартуды қолдау және көтермелеу бойынша қуатты саяси серпін береді.
Сонымен қатар, тақырыптық панельдік сессиялар шеңберінде Слетке қатысушылары волонтерлік қозғалысындағы үрдістер мен инновацияларды, волонтерлік қызметінің тиімділігін арттыруды, волонтерлердің денсаулық сақтауға қосқан үлесін, әлеуметтік және инклюзивті волонтерлікті, биоәртүрлілікті сақтауды және төтенше жағдайлардың салдарын азайтудағы волонтерлер қауымдастығының рөлін талқылайды.
Волонтерлердің құзыреттілігі мен дағдыларын арттыру үшін Слет бағдарламасының маңызды бөлігі көшбасшылық және коммуникациялық дағдыларды дамыту, еріктілік саласындағы жобалар мен басқаруды оқыту бойынша тренингтер болады.
Іс-шараға қатысушылар үшін Қазақстанның мәдениеті мен тарихымен танысуға арналған бағдарлама ұйымдастырылады.
Слет аясында АӨСШК Хатшылығымен 2023 жылы өткізген жастар арасындағы «Азияның болашағы қандай?» атты эссе байқауының жеңімпаздары марапатталады.
АӨСШК кеңістігінде жастар Кеңесінің отырысы волонтерлік қызметті одан әрі дамыту бойынша ұсынымдар әзірлейді деп күтілуде.