Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Сенатта өткен баспасөз брифингінде депутаттардың алкоголь саудасын шектеу жөніндегі ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айта кетерлігі, бұған дейін Мәжіліс депутаттары алкогольді тек мамандандырылған дүкендерде ғана сатуды ұсынған болатын.
ІІМ бұл бастаманы қос қолдап қолдайды. Біз бүгінгі күні қылмыстардың өте үлкен бөлігі дәл маскүнемдік пен ішімдікке салынудың, бірге арақ ішудің салдарынан жасалатынын түсінеміз, – деді Игорь Лепеха.
Оның айтуынша, тұрмыстық кісі өлтіру деректерінің басым бөлігі де осы себептен орын алады.
Сондықтан біз бірнеше рет барлық тиісті инстанцияларға түнгі уақытта сатуға тыйым салу, алкогольді арнайы дүкендер арқылы сатуға көшіру, көңіл көтеру орындарында ішімдік сату уақытын шектеу жөнінде ұсыныс енгіздік. Қазір бұл бастама ретінде қарастырылып жатыр. Осы бағыттағы кез келген бастаманы ІІМ қолдауға дайын. Бәрі Мәжіліске байланысты, – деді вице-министр.
Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов алкоголь сатуды шектеуді ұсынған болатын.