Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда "әлеуметтік" мазутты жеткізу кестесі бекітілді

26 Тамыз 2025, 12:48
652
Бөлісу:
 trader-oil.ru
Фото: trader-oil.ru

Қазақстанда "әлеуметтік" мазутты жеткізу кестесі бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Министрлік қыркүйек айынан бастап 257 мың тонна көлемінде "әлеуметтік" мазутты жеткізу кестесін бекітті. Шарттар жасасуды және отынның тиісті қорын қамтамасыз етуді жеделдету қажет. Энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін кредиторлық берешегінің едәуір көлемі маңызды проблемалық мәселе болып саналады. Энергия өндіруші ұйымдардың "ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ алдындағы берешегі 17 млрд 874 млн теңгені құрайды, - деді ведомство басшысы.

Айтуынша, сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың "Богатырь-Көмір" ЖШС алдында 94 млн теңге сомасында берешегі бар.

Еске салайық, бұған дейін Энергетика министрлігі жылыту маусымына дайындық туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы