Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1577-ге жетті

Есептік кезеңде тізілімге 146 жаңа кәсіпорын енгізіліп, саладағы тұрақты өсім сақталған.

 Ұлттық экономика министрлігі Бүгiн 2026, 08:43
Бүгiн 2026, 08:43
110
Фото: Ұлттық экономика министрлігі

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 1577-ге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңде тізілімге 146 жаңа кәсіпорын енгізіліп, саладағы тұрақты өсім сақталған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 1431 болған.

Тізілімге енген кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана алады. Олардың қатарында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кредитке кепілдік беру және гранттар қарастырылған.

Әлеуметтік кәсіпкерлік Қазақстанда 2021 жылы заңнамалық түрде бекітілген. Бұл бағыт қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған және мүмкіндігі шектеулі жандарды немесе әлеуметтік осал топтарды жұмыспен қамтитын кәсіпорындарды қамтиды.

Тізілімді қалыптастыру орталық және жергілікті органдардың бірлескен жұмысы арқылы жүргізіледі. Өңірлік комиссиялар өтінімдерді қарап, кәсіпкерлерді ресми тізімге енгізу жөнінде ұсыным береді.

Наверх