Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін Мәжілісте сауда саясатын дамытуға арналған Үкімет сағаты өтіп жатыр.
Сауда және интеграция министрі еліміздегі барлық шағын және орта бизнес субъектілерінің 36 пайызы, яғни 1,8 млн адамның 730 мыңы саудамен айналысады.
Әлеуметтік бағыт бойынша сауда саласы 1-орында тұр, 1,5 млн-нан астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Жалпы ішкі өнімге экономикалық үлес бойынша 2-орында. 11 айда саудаға тартылған инвестиция көлемі 410, оның көлемі 6 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 41-де,3 %-ға жоғары, - дейді ведомство басшысы.
Сөзінше, ішкі тауар айналымы да өсіп келеді.
Сыртқы сауда қызметінде де оң динамика байқалады. 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша сыртқы сауда айналымы 114-те, 1 млрд долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2-де, 6%-ға артты, - деп айтты Шаққалиев Мәжілісте.