Қазақстанда 600 мыңға жуық көлік газбен жүреді

16 Шілде 2024, 11:33
698
Бөлісу:
Қазақстанда 600 мыңға жуық көлік газбен жүреді
Фото: -архив

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев газбен жүретін көліктердің саны артып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрлік тоқсан сайын өңірлер бойынша шамамен 360 мың тонна сұйытылған газды бөледі. Алайда, тоқсандық өндіру мен бөлу көлемі басынан өңірлердің қажеттіліктерінен 130 мың тоннаға немесе 26% аз. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, былтыр газбен жүретін көліктердің саны 582 мың болды немесе 2022 жылмен салыстырғанда 18 пайызға көбейген, - деді министр.

Сәтқалиевтың сөзінше, сұйытылған газға төмен баға белгілеуге байланысты еліміздің автокөлік жүргізушілерінің осы отынға ауысуы байқалады, бұл өз кезегінде тұтынудың артуына себеп болып отыр.

Тұтынуға жүргізілген талдау сұйытылған газға өңірлер бөлінісінде, әсіресе шекаралас өңірлерде сұраныстың өскенін көрсетіп отыр.

Министрлік мәліметінше, Қазақстан – 59-94 тг/л; Ресей – 171 тг/л; Кыргызстан – 149 тг/л; Әзербайжан – 323 тг/л; Тәжікстан – 183 тг/л.

Сондай-ақ министрлік бөлетін сұйытылған газ көлемінің бір бөлігі мұнай-химия саласын дамыту үшін мұнай-химия өнімдерін шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорындарға жіберілетінін атап өткен жөн. Жыл сайын өндіруші зауыттарда жоспарлы және міндетті жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - деді ол.

Келтірілген фактілерді ескере отырып, сұйытылған газдың сөзсіз тапшылығы байқалады, ол шамамен 20-25% құрайды.

Өзгелердің жаңалығы