Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда 5 жыл ішінде бір млн адам жасанды интеллект дағдыларын меңгереді

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
1 Қазан 2025, 15:30
546
Бөлісу:
 Арман Мухатов
Фото: Арман Мухатов

“Қазақстан eGov-тан AI-gov-қа дейін: қалай серпіліс жасауға болады?” тақырыбында өткен Astana Open Dialogue аналитикалық платформасының III отырысында Премьер-министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев елде ЖИ-агенттерді дамытуға бағытталған жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, негізгі міндет – мемлекеттік қызметшілерге, бизнеске және азаматтарға есептеу қуаттарына, деректер жиынтықтарына және ірі тілдік модельдерге қол жеткізу мүмкіндігін беру. Бұл қадам әрбір саланың өз бағытында жасанды интеллект агенттерін әзірлеуіне жол ашады.

Қазақстанда 5 жыл ішінде бір млн адам жасанды интеллект дағдыларын меңгереді

Бес жыл ішінде бір миллионнан астам адамды жасанды интеллект дағдыларына оқыту жоспарда бар. Бұл – символикалық қана емес, ел үшін маңызды критикалық шек. Әрине, біз мұнымен шектеліп қалмаймыз. Бастамаға мектеп оқушылары, студенттер, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер мен барлық қалаушылар қамтылады, – деді Жаслан Мәдиев.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда ЖИ-ді дамыту тек мемлекеттік құрылымдардың емес, барлық саланың бірлескен күш-жігеріне айналуы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы