Қазақстан жемқорлыққа қарсы күресте француздардың тәжірибесін қолданбақ

9 Қазан 2023, 20:50
786
Бөлісу:
Қазақстан жемқорлыққа қарсы күресте француздардың тәжірибесін қолданбақ
Фото: Антикор

Қазақстан мен Франция жемқорлыққа қарсы бірлескен жобаларды жүргізуге келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік төрағасы Асхат Жұмағали бастаған Қазақстанның Антикор делегациясы Француз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (AFA) басшысы Изабель Жегозомен және Сыбайлас жемқорлыққа және қаржылық және салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі орталық басқарманың (OCLCIFF) басшысы Гийом Эзармен кездесті. 

Екі француз ведомствосы да коррупцияның алдын алу және жемқорлық қылмыстарын, оның ішінде жымқырған ақшаны жылыстату мен алаяқтықпен байланысты жоғары шенді жемқорлықты тергеу мәселелерінде Агенттіктің стратегиялық әріптестері саналады. Тараптар жемқорлыққа қарсы, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің коррупцияға қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша бірлескен жобаларды жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. 

Францияның Антикорын дербес байланысты азайту жолымен жемқорлық деңгейін төмендетуге оң әсер ететін мемлекеттік сатып алулар мен басқа да автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді қоса алғанда, процестерді цифрландыру бойынша Қазақстанның тәжірибесі қызықтырды. AFA мемлекеттік сатып алу саласындағы процестерді автоматтандыруда және әлеуетті тәуекелді тұлғаларды сәйкестендіруде, сондай-ақ ақпарат берушілерді қорғауды қоса алғанда, жемқорлық туралы фактілер туралы хабарлау кезінде call орталықтарының жұмыс рәсімдерінде әдіснамалық көмек көрсетуге дайын, - делінген хабарламада.

Француз ведомстволары ЭЫДҰ қабылдану үшін стандарттарына сәйкес келетін заңды тұлғалардың жемқорлық үшін жауапкершілігі және белгісіз мүлікті тәркілеу бойынша нормативтік-реттеуші құжаттарды әзірлеуге көмек көрсетуге келісім білдірді. 

Қазақстан мен Францияның жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастығы және өзара іс-қимыл екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал ететін болады. 

Өзгелердің жаңалығы