Transparency International «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» халықаралық рейтингінде 2024 жылы Қазақстан нәтижелерін тағы да жақсартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Біздің еліміз 40 ұпай жинап, 180 ел арасында 5 орынға көтеріліп, 88-орынға тұрақтады.
Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді шаралардың арқасында қол жеткізілген жаңа тарихи көрсеткіш.
Әлем бойынша орташа балл 43, ал «Шығыс Еуропа және Орталық Азия» аймағында (19 ел) 35 болды.
Қазақстан рейтингінің 2016 жылдан бастап айтарлықтай өскен ел ретінде атап өтілді – 11 баллға (29 баллдан) өсу.
Орталық Азия өңірі елдерінің ішінде Қазақстан ең жоғары позицияны иеленеді және рейтингті жақсартқан жалғыз ел болып табылады.
Индексте Қазақстаннан кейін Үндістан (38), Индонезия (37), Аргентина (37), Сербия (35), Украина (35), Бразилия (34), Таиланд (34), Түркия (34), Беларусь (33), Ресей (22) және т.б. елдер орналасқан.
Жемқорлықты қабылдау индексі – Қазақстанның рейтингін шығару үшін 9 түрлі ұйымның деректері пайдаланылған композиттік индекс болып табылады.
Рейтинг мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың сараптамалық және бизнес-бағалауларына негізделген.