Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом энергетикасын дамыту идеясы күннен-күнге қолдау тауып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Көптеген азамат, әсіресе жастар атом энергетикасын дамытуға қызығушылық танытып отыр. Қазір Қазақстан азаматтары, әсіресе, жастар атом энергетикасын дамытуға қызығушылық танытып отыр. Біз нақты қолдауды көріп отырмыз, - деді министр Үкіметте өткен брифингте.
Сондай-ақ министр кейбір журналистер бұл мәселені толық түсінбейтінін және заманауи ядролық технологиялардың қауіпсіздігі мен тиімділігін түсінбей, эмоцияға берілетінін айтты.