Қазақстан: жаңартылған демократия жолындағы жаңа референдум

20 Маусым 2022, 10:56
3746
Бөлісу:
Қазақстан: жаңартылған демократия жолындағы жаңа референдум

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 5 маусым күні өткен референдумға шетелдік БАҚ өз бағаларын беруге кірісті. 

Президент-демократ-реформатор

«Қазақстандық президент-демократ-реформатор авторитарлық үрдістерге қарсы».  Израильдық «The Jerusalem Post» газетіне мақала жазған адам құқығын қорғау саласының белсендісі Эмили Шредер осылай деп есептейді.  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерлігін асыра бағалау мүмкін емес. Оның үстіне, ол саяси инсайдер әрі авторитарлық кеңес мектебінің тікелей өнімі. Авторитаризм бүкіл әлемде қанат жайып келеді, бірақ Орта Азияда орналасқан республиканың бір көшбасшысы ағымға қарсы жүзіп, бұрынғы кеңес мемлекетіндегі демократияның кең өріс алуы үшін жұмыс істеп жатыр. 5 маусымда Қазақстанда өткен конституциялық референдумда қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастама ұсынған президенттің құзыреттілігін шектеу туралы ұсыныстар алға қойылды, - деп жазды автор. 

Автор еліміздегі Қаңтар оқиғасы туралы айтып, Тоқаев өз билігін шектеп, халықтың мұң-мұқтажын жоқтауға шықты деп отыр. Сондай-ақ президенттің партиядан шығып, сот билігі, сайлау комиссиясы, армия, қауіпсіздік қызметі, парламенттік аудиторлар мен қазіргі Төрағасы болу лауазымдарына шектеу қойғанын тілге тиек етті. Осылайша, ол билікті монополияландыруға тосқауыл қояды.  

«Тоқаев бәсті жеңіп алды»

Маусым айының басында өткен референдум қазақстандық Президентке салмақты саяси капитал жинауға мүмкіндік берді. Еліміздегі саяси оқиғаға шолу жасаған француздық Affaires internationales онлайн-басылым осылай деп жазды. 

Шетелдік медианың пайымдауынша, Тоқаев өзін халықаралық қауымдастық жоғары бағалайтын реформатор ретінде көрсете білген. Бұл өткен күннің көлеңкесінен шығатын кеңістік ұсыну үшін бұл жеткілікті.

Билікті дүр сілкіндірген қарулы көтеріліске ұласқан ызғарлы наразылықтан кейін небәрі бірнеше апта өткен соң ірі электоралдық және саяси жеңісті ұстап қалу. Орта Азиядағы, соның ішінде, еліміздегі саяси ахуалға шолу жасаған француздық медиа осылай деп баға берді.

Бұл – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіп алған бәс. 5 маусым күні сайлаушылардың жетпіс пайызға жуығы (68%) келіп дауыс берген ірі референдум өтті. Қазақстан азаматтары бұрынғы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің саяси өміріне ықпалын шектеуге, сондай-ақ Парламент пен азаматтық қоғамның пайдасына бүкіл қазақстандық институттардың үлес салмағын көбейтуге бағытталған конституциялық өзгерістермен «келісемін» немесе «келіспеймін» деп дауыс берді, - деп  жазды француздық онлайн басылым.

Басылым Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтарды «Екінші республиканың негізін» бірге қалауға шақырып, Қазақстанның Конституциясын қайта қарау шын мәнінде, «суперпрезиденттік» режимнен «күшті Парламенті бар президенттік республикаға» айналудың негізгі заңының іргетасын қалауға бағытталғанын атап өтті. Президенттік құзыреттілікті, атап айтқанда, Парламент пен жергілікті атқарушы органдардың айрықша құқығын кеңейту мен адам құқығын қорғаудың кейбір механизмдерін нығайта отырып, «елді демократияландыру мен басқаруға халықтың қатысу мүмкіндігін ауқымды ету» жолға қойылған.

Ұсынылған кейбір ережелер сонымен қатар отыз жылдай ел билеген Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты болып отыр. Заңдағы жаңа өзгерістерге сай президенттің жақындары мемлекеттік лауазымдарға тағайындала алмайды. Бұл шаралар биыл қаңтарда қайғылы оқиғаға ұласып, халықтың ашуын тудырған тамыр-таныстық билейтін топқа шағымдардың жиі айтылуына жауап болады деп санайды.

Өзгерістер енгізуді бастап кеткен Президент Тоқаев елді басқарып, уәде еткен реформаларын жасауға кірісті. Оның үстіне, референдумдағы «келісемін» деген 77%-дан астам жауап «көлеңкеден» шыға білген жаңа президенттің айқын жеңісінің айғағына айналды. Оның конституциялық реформа жобасын халықтың жаппай қолдауы қазіргі Президентке өзінің саяси капиталын құруға жол ашады. Өзінің жас саяси тарихының жаңа кезеңіне нық қадам баса отырып, Қазақстан қазір геосаяси алаңда өз ұстанымын алға тарта алады.

Төртінші мәрте: 1991 жылы Кеңес Одағының құрамынан шығу туралы мәселеге бағытталған референдум мен 1995 жылғы жаңа Конституцияны қабылдауға арналған екі консультациядан кейінгі референдум. Қазақстандық сайлаушылар 5 маусым күні референдум арқылы өз мемлекеттерінің тағдырын төртінші мәрте шешті. Билік таратқан соңғы хабарламаларға сәйкес, 68% адам референдумға қатысса, дауыс берушілердің 77,18%-ы ел Конституциясының 30-дан астам бабына түзетулер енгізуді жақтаған.

Нақтырақ айтқанда, сайлаушылар 56 конституциялық түзетулерді қолдайды. Ал бұл өз кезегінде Қазақстанда әлі күнге сақталған институционалдық балансты барынша өзгертуі тиіс. Президент тікелей тағайындайтын Сенат депутаттарының саны 15-тен 10-ға дейін азаяды. Парламенттің төменгі палатасы – Мәжілістің құрамы 107-ден 98 мүшеге қысқарып, оның заң жобаларын Сенат қарайды. Сонымен қатар ол Президент бас прокурор, қауіпсіздік қызметінің басшысы секілді кейбір маңызды стратегиялық лауазымдарға тағайындайтын кандидатураларға рұқсат беруге мандат алған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың режимді депрезидентализациялау туралы уәдесі осы дейді шетелдік басылым. 

Қазақстан көршілерге үлгі ме?

Француздық БАҚ-тың мәлімдеуінше, бұл референдум – Қазақстанның демократиялық мүмкіндіктеріне нағыз тексеріс жасаудың формасы мен оның адам құқығына қатысты көшбасшылардың ұмтылуы. Сайлауға халықаралық бақылаушыларды қатыстыра отырып, билік халықаралық қауымдастық реформа өткізуді қолдайтынын, тіпті реформалардың жалғасуын көтермелейтінін көрсеткісі келді. Қабылданған түзетулер елде Конституциялық сотты қалпына келтіріп, өлім жазасын толығымен алып тастап немесе адам құқығы жөніндегі уәкілге конституциялық мандат беру жолымен адам құқығын қорғаудың белгілі механизмдерін күшейте түсті. 

Сондай-ақ ата заңдағы бірнеше бап ел азаматтарының өз мемлекетін басқаруға қатысуын күшейтуге бағытталған. Осылайша, халықаралық қауымдастық демократия мен негізгі құқықты құрметтеу саласында күш салуын күтіп отырған Орта Азияның өзге мемлекеттерін рухтандыруға толық қауқары жетеді. 

Тоқаев республикада алғаш рет жастардың мүмкіндігі мен саяси процеске ауыл халқының  қатысу мүмкіндігін кеңейтуге тырысып жатыр. Реформалар қалалар, муниципалитет пен өңірлерге де айтарлықтай құзырет ұсынады. 
Бір сөзбен айтқанда, Тоқаевтың реформасы азаматтық қоғам мен үкіметтің есеп беруін күшейтуге бағытталған. 

Бұл нақты реформалар: басқарудың барлық деңгейінде жаңа орган құру; қауіпсіздік қызметіне нақты сот қадағалауды енгізу; мемлекеттік бюрократияның барлық бөлігін кәсібилендіру мен жаңа нормативтік қағидаларды құру жолымен адам құқығын қорғау бағытталған. Тоқаевтың жеке билікті жоюға дайындығын халық талап еткен демократиялық құндылықтарды түрлі тәсілмен қорғайды. Тоқаев – жай ғана сөздің емес, істің адамы, - деп жазды басылым.

Шетелдік медиа реформалардың жемісі бірден емес, жақын болашақта көрінеді деп отыр. Алайда реформа дегеніміздің өзі – жақсылап ойластырылған жоба болуы тиіс. Мәлімдеуінше, Тоқаев адам құқығы мен демократиялық құндылықтарға басымдық берген. 

Оның табысты болуы Орта Азиядағы экономиканың қозғаушы күші – Қазақстан үшін ғана емес, оның сыртындағы бүкіл мемлекеттер үшін маңызды. Тоқаевтық реформалар авторитаризмге шынайы баламаның бар екенін көрсетудің үлгісі дейді автор.

Өзгелердің жаңалығы