Қазақстан Түркияға тағы да 100 киіз үй жібереді

23 Ақпан 2023, 15:38
2634
Бөлісу:
Қазақстан Түркияға тағы да 100 киіз үй жібереді
Фото: altyn-orda.kz

Бұл туралы Түркияның еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи елшілікте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сондай-ақ Қазақстанда еріктілер тарапынан ұсынылған дәстүрлі қазақ киіз үйлердің 100-ге жуығы қазіргі кезде Кахраманмараш қаласында тігілді. Сол жерде киіз үй сонымен қатар Алматы қаласынан 100 шақты киіз үй жіберу ұйымдастырылып жатыр, - деп атап өтті елші.

Еске сала кетейік, Түркияда 6 ақпанда жойқын жер сілкінісі орын алды.

Жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де 7 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпулері одан кейін жарты сағат бойы әртүрлі аймақта – Адана, Анкара, Анталия, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Шанлыурфада сезілген.

Түркия парламенті орын алған табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылданды. ТЖ режимі 8 ақпаннан бастап елдің он провинциясында 90 күнге енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы