Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Бүгiн, 14:36
152
Бөлісу:
Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
PHOTO
Фото: Туризм және спорт министрілігі

Әзербайжанның Баку қаласында СОР29 конференциясы аясында туризмдегі климаттық шараларды кеңейтуге арналған кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

  Туризм және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, жиын барысында Қазақстан тұрақты туризм саласындағы жетістіктері мен болашақ жоспарларын таныстырды.

Іс-шараға Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев, Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас хатшысы Зураб Пололикашвили, Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік туризм агенттігінің төрағасы Фуад Нағиев, сондай-ақ 20-дан астам елдің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстанда ұлттық парктер мен қорықтар құрамында қорғалатын бірегей табиғи экожүйелер бар. Біздің міндетіміз – қоршаған ортаға зиян келтірместен экономикалық дамуды қамтамасыз ету. Біз туризм саласында көмірқышқыл көлемін азайтуға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік беретін «Жасыл стандарттарды» енгізуді жалғастырамыз, – деді Ержан Еркінбаев.

Кездесу барысында туризм саласындағы климаттық әрекеттерді күшейтуге бағытталған Баку декларациясының негізгі бағыттары талқыланды. Қазақстан туризмнің климатқа әсерін азайтуға және тұрақты тәжірибелерді халықаралық аренада ілгерілетуге бағытталған барлық бастаны қолдайтынын білдірді.

Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Сонымен қатар Ержан Еркінбаев Қазақстанның экологиялық туризм саласындағы жетістіктерін, соның ішінде Саты ауылының Best Tourism Villages конкурсында үздік шыққанын және ITB Berlin халықаралық көрмесінде «Гүлденген қауымдастықтар» атылымындағы жетістігін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы