Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан цифрлық серпіліс алдында: Сарапшы үш қадамды атады

Жансая ҚАМБАР
1 Қазан 2025, 11:02
401
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Астанада өтіп жатқан Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында футуролог, Haas School of Business профессоры, Cambrian Futures компаниясының CEO-сы Олаф Грот цифрлық қоғамды дамытудағы негізгі басымдықтарды атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құрметті Президент мырза, Қазақстанды үш жыл ішінде цифрлық қоғамға айналдыру жөніндегі сіздің бастамаңыз зор құрметке лайық әрі шұғыл іс-қимылды қажет етеді. Жақында Президент әкімшілігімен болған пікір алмасуларымнан анық түсінгенім бір нәрсе – Қазақстан өзінің болашағын өзі қалыптастыруға қабілетті және міндетті. Ол когнитивті экономикада сенімді еуразиялық брокер бола алады: альянстар арқылы мүдделерді теңгеріп, демократияны, нарықтық экономиканы және жаһандық аренадағы тәуелсіз үнін нығайтты, – деді сарапшы.

Айтуынша, бірінші басымдық – активтерді жаһандық экожүйелермен байланыстыру. Сондай-ақ Қазақстан STEM және ғарыш саласындағы бай тәжірибесімен, уран мен пайдалы қазбалардың мол қорымен, ауыл шаруашылығының әлеуетімен және Орталық дәліздегі логистика мүмкіндіктерімен әлемдік ІІ-ді дамытуға мүдделі кәсіпкерлер үшін тартымды серіктеске айнала алатынын алға тартты.

Министр Нұрбектің халықаралық білім беру платформасын құруға қатысты көзқарасы – соның айқын мысалы, – деді маман.

Екінші басымдық – есептеу альянстарын құру.

Футурологтың пайымдауынша, Alamut AI және AI Hub-ты Еуропадағы CAIRNE (бұрынғы CLAIRE), АҚШ-тағы Stargate бастамасы, Таяу Шығыстағы G42 компаниясы, Humane сияқты стартаптар және Қытайдың ІІ орталықтарымен байланыстыру өнімділікті арттыруға және стартаптарды масштабтауға жол ашады.

Дегенмен, мұндай альянстар қиылысқан сәтте ынтымақтастық пен интеграцияға арналған нақты ережелер жүйесі қажет болады. Бұл – сенімді деректер протоколдары, жүйелердің қорғаныс тетіктері, ашықтық, келісілген сараптама және дауларды шешу механизмдері. Басқару – бағалауға болмайтын аса маңызды жобалық сын-қатер, – деп атап өтті профессор.

Үшінші басымдық – жылдам әрі жүйелі іске асыру.

Оның сөзінше, бұл бағытта ең бастысы – меритократияға негізделген таланттарды іріктеу, қатаң бағдарламалық менеджмент және бүкіл үкімет ауқымында кезең-кезеңімен дәлелденетін жүйені енгізу.

Өзгелердің жаңалығы