Қазақстан цифрлық активтерден түсетін табысқа салықтық жеңілдік енгізуі мүмкін

Жаңа Салық кодексіне енгізілетін түзетулер аясында цифрлық активтермен жасалатын операциялардан түсетін табысты жеке табыс салығынан босату ұсынылды.

 ©BAQ.KZ коллажы 24 Шілде 2026, 11:21
24 Шілде 2026, 11:21
141
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстанда цифрлық активтермен жасалатын операциялардан түсетін табысқа салықтық жеңілдік енгізу ұсынылып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Нұрлыбек Шаймаханов айтты.

Оның сөзінше, бұл бастама Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру аясында жаңа Салық кодексіне енгізілетін түзетулердің бірі ретінде қарастырылған.

Келесі мәселе – цифрлық активтерге қатысты. Президент Жарлығына сәйкес цифрлық активтермен жасалатын операциялардан түсетін табысқа жеке табыс салығын салудан босату ұсынылады, – деді Нұрлыбек Шаймаханов.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған жеңілдік цифрлық активтер биржаларына қатысты болады.

Бұл норма шетелдік цифрлық активтер биржаларын Қазақстанға тартуға бағытталған уақытша қолдау шарасы ретінде енгізіліп отыр, – деді ол.

Шаймахановтың пайымынша, бұл өзгерістер жаңа Салық кодексіне енгізілетін түзетулер пакетінің құрамына кіреді. Құжат белгіленген тәртіппен қаралып, қабылданған жағдайда күшіне енеді.

Наверх