Қазақстан триатлоннан Олимпиадалық квотаның иегері атанды

30 Мамыр 2024, 18:14
302
Бөлісу:
Қазақстан триатлоннан Олимпиадалық квотаның иегері атанды

Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Олимпиадалық квотаны триатлоншы Екатерина Шабалина жеңіп алды.

Әлемдік рейтинг жаңарған соң қазақстандық спортшы жолдама алғандар қатарына енді. Спортшы негізінен Азия чемпионаты мен Азия ойындарында мейілінше көп ұпай жинаған.

Айта кетелік, Шабалина өз мансабында тұңғыш рет Олимпиадаға қатыспақ.

Өзгелердің жаңалығы