Қазақстан трендте: халықаралық басылымдар отандық туризм туралы жазып жатыр

Кеше, 21:45
322
Бөлісу:
Қазақстан трендте: халықаралық басылымдар отандық туризм туралы жазып жатыр
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Кейінгі бірнеше айда Қазақстан туристік әлеуеті зор бағыттардың бірі ретінде халықаралық БАҚ-тың назарын аударуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Туризм және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, шетелдік жетекші басылымдар еліміздің алуан түрлі ерекшелігіне, мәдени және табиғи мұрасына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын жарыса жазып жатыр.

Мысалы, CNN Travel 2025 жылға арналған ең үздік саяхат орындарының тізімінде Алматыны Орталық Азияның "жаңа стиль астанасы" ретінде атап өтті.

Қала өзіне тән таңғажайып асханасымен, белсенді түнгі өмірімен және ерекше мәдени атмосферасымен таңқалдырса, сонымен қатар табиғи ландшафттары мен үшін мінсіз орын болып саналады.

Condé Nast Traveller дәстүрлі қазақ асханасының қайта өркендеуін айрықша атап өтті.

Бұл бүгінде туристік тәжірибенің маңызды бір бөлігіне айналды, өйткені Қазақстан өз тамырларына қайта оралып, гастрономиялық ерекшеліктерін жаңаша танытуда.

Forbes Italia Қазақстанды баяу туризм мен шынайы әсерді сүйетіндер үшін трендті бағыт екенін жазды.

Қазақстан мен Италия арасындағы тікелей әуе қатынасы туристік ағынды нығайтып, саналы әрі қалпына келтіретін туризмнің дамуына ықпал ететінін жазды.

Сонымен қатар америкалық travel-журналистер Almaty Through American Eyes атты кітап шығарды.

Онда еліміздің мәдени дәстүрлері мен табиғи сұлулығы туралы әсерлерін жазған.

Бұл авторлық әңгімелер батыс аудиториясына Қазақстанды жергілікті әдет-ғұрыптар мен гастрономиялық ерекшелігі арқылы таныстыруға мүмкіндік берді.

Жапон тілінде жарияланған Globe Trotter Central Asia 2025-2026 кітабы да Қазақстанды туристік бағыт ретінде танытуда маңызды қадам болды.

Басылымда еліміздің табиғи және мәдени ескерткіштері, сондай-ақ Шарын шатқалы мен Қайыңды көлі сияқты танымал орындар туралы толық мәліметтер берілген.

Бұл басылымдар Қазақстанды мәдени мұрасы мол және табиғи ресурстарының алуан түрлілігі бар ел ретінде атап өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен келетін саяхатшылардың назарын аударатып отыр.

Өзгелердің жаңалығы