Қазақстан теннисшісі Григорий Ломакин Накхонситхаммаратта (Таиланд) өтіп жатқан ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ломакин жергілікті спортшы Максимус Джонспен тізе қоса отырып, корей-жапон дуэті Сон Йонг Хан мен Тайсей Ишикаваны екі сетте 6:3, 6:2 есебімен ұтып кетті.
Алдында қазақстандық теннисші жекелей сында да жартылай финалға шыққан болатын.
Айта кетсек, 25 жастағы Қазақстан теннисшісі бүгінгі таңда АТР-дың жұптық сыны бойынша әлемдік рейтингте 322-орында тұр.