Павлодар облысында есірткі таратқан ҚТЖ қызметкері ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жедел іздестіру кешенін өткізу барысында есірткі өткізумен айналысқан қаланың екі тұрғыны қолға түскен.
Ұсталғандардың бірі "ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС қызметкері екені белгілі болды. Тінту барысында шамамен 700 грамм есірткі тәркіленді, электрон таразы, электрошокер, пневматикалық мылтық, 2 мылтық және оқ-дәрі алынды.
Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер қамауға алынды, - деді Павлодар облысы Полиция департаменті өкілі.