«Қазақстан темір жолы» компаниясының құрылымы өзгерді

31 Қаңтар 2022, 17:05
1488
Бөлісу:
«Қазақстан темір жолы» компаниясының құрылымы өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самұрық-Қазына» АҚ әзірлеген іс-шаралар жоспарына сәйкес, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі компанияның орталық аппаратының жаңа құрылымын бекітті.

Басқарма Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болып Қанат Әлмағамбетов тағайындалды

Басқарма төрағасының Стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып Әнуар Ахметжанов тағайындалды.

Қаржы жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы Даир Көшеров

Логистика жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы Ерлан Қойшыбаев

Жаңа жобалар бойынша басқарушы директордың міндетін атқарушы Ерсайын Нағаспаев

Өндірістік үдерістер жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы Бауыржан Орынбасаров

Аппарат басшысының міндетін атқарушы болып Серік Кеулімжаев тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы