Қазақстан тәуелсіз аудиторлардың жолын кесіп жатыр

30 Наурыз 2022, 13:39
1773
Бөлісу:
Қазақстан тәуелсіз аудиторлардың жолын кесіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Аудиторлар алқасы баспасөз жиынын өткізіп, елімізде тәуелсіз аудиторларлар қалмай бара жатқанын айтып, дабыл қақты.

Олардың айтуынша, аудиторлық ұйымдардың 76%-ы Қаржы министрлігінің іс-қимылдары нәтижесінде өз қызметін тоқтатпақ. Оған себеп 2021 жылғы 6 шілдеде «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР  Заңына енгізілген түзетулер күшіне енген.

Түзетулердің бастамашылары Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі болған. Түзетулердің негізгі идеясы – «Аудиторлық қызмет бойынша кәсіби кеңес» құру. 

Бұл органға тек мемлекеттік функциялар ғана емес, сонымен қатар  сапаны бақылау және аудиторларды аттестаттау жөніндегі кәсіби бірлестіктердің функциялары берілген. Қаржыландыру аудиторлық ұйымдарға – кәсіпкерлік субъектілеріне жүктелген.

Қаржыландырудың жалпы сомасы – жылына 150 000 000 теңге. Қаржы министрі басқаратын басқарма тағайындайтын бақылаушының жалақысы – айына 1 000 000 теңге, ассистенттің жалақысы – 500 000 теңге көрінеді.

Кәсіби кеңестің функцияларын ескере отырып, аудиторлық ұйымдарға қатысты бақылау және реттеу функцияларының жалпы саны 18-ден 30-ға дейін артты.
Орган басқармасы негізінен мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің қатарынан қалыптастырылады, ал органның өзі ҚР Бюджет кодексіне сәйкес квазимемлекеттік ұйым болып табылады.

«Аудиторлар алқасы»  ЖАҚ басқарма төрағасы Данияр Нұрсейітовтың айтуынша, заңға түзетуді әзірлеушілер дамып келе жатқан бәсекелестік ортаны және аудит саласындағы кәсіби бірлестіктердің болуын елемейді.

Алдын-ала бағалаулар бойынша аудиторлық ұйымдардың 76%-ы  өз қызметін тоқтатады, ал қалғандары «алым» төлейтін болады. Осылайша, мұндай органды құрудан пайданы   шенеуніктермен үлестес және  «үлкен төрттіктің» аудиторлық ұйымдары мен фирмалары алатын болады. Нәтижесінде, аудитті жүргізуге рұқсат алғаннан бастап аудиттің өзін жүргізуге дейінге кезеңде аудит шенеуніктердің толық бақылауында болады,-дейді Нұрсейітов.

2020 жылы аудит нарығының жалпы көлемі 23 млрд теңгені құрапты. Бүгінгі таңда Қазақстанда 484 аудиторлық ұйым және 1869 аудитор бар, олардың көпшілігі аудиторлық қызмет туралы заңға енгізілген өзгерістер нәтижесінде нарықтан кетуге мәжбүр болады, деп санайды Аудиторлар алқасы.

Сондай-ақ тәуелсіз аудиторлардың кетуі Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын төмендетпек.

Аудиторлардың басым көпшілігі өзгерісті қолдамады. Тәуелсіз зерттеу нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымдар басшыларының 80% - ға жуығы кәсіби кеңес құруға қарсы және өзін-өзі реттеушілікке  көшуді жақтап отыр,-дейді Данияр Нұрсейітов.
 

Өзгелердің жаңалығы