Қазақстан таеквондодан командалық Әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды

Айта кетейік, таеквондодан командалық Әлем кубогы 16 шілдеге дейін жалғасады.

 Таэквондо федерациясы 14 Шілде 2026, 23:27
14 Шілде 2026, 23:27
145
Фото: Таэквондо федерациясы

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтіп жатқан таеквондодан командалық Әлем кубогында Қазақстанның ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болды.

Қазақстандық спортшылар жарысты сәтті бастап, ширек финалда Марокко құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда Ресей құрамасынан 2:1 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды.

Ал шешуші кездесуде отандастарымыз Қытай құрамасына 0:2 есебімен есе жіберіп, жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Қазақстан құрамасының сапында Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Кусетов өнер көрсетті.

Айта кетейік, таеквондодан командалық Әлем кубогы 16 шілдеге дейін жалғасады.

 

Наверх