Қазақстан футбол федерациясы футболдан Қазақстан Суперкубогының жаңа дизайнын ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңартылған трофей заманауи минималистік үлгіде жасалып, ұлттық ою-өрнек элементтерімен толықтырылған. Бұл шешім қазақстандық футболдың дәстүрі мен қазіргі даму бағытын үйлестіре отырып, жарыстың мәртебесін арттыра түседі.
2026 жылғы Суперкубок матчы жаңа маусымның шымылдығын түріп, биылғы алғашқы ресми ойын болмақ. Тартысты кездесуде алматылық "Қайрат" пен қостанайлық "Тобыл" командалары алаңға шығады. Ішкі біріншілікте тұрақты жоғары нәтиже көрсетіп жүрген қос клуб жанкүйерлерге тамаша ойын көрсетеді деген ойдамыз.
Кездесу 28 ақпан күні Астана-Арена стадионында өтеді. Басталу уақыты - сағат 17:00.