Қазақстан студенттері Германиядағы университетте тілдік тағылымдамадан өтті

Кеше, 21:08
160
Бөлісу:
Қазақстан студенттері Германиядағы университетте тілдік тағылымдамадан өтті
Фото: gov.kz

Yessenov University базасындағы Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтының «Energy and Environmental Engineering» және «Logistics» бағдарламаларының 2 курс студенттері Германиядағы Вильдау техникалық университетінде тілдік тағылымдамадан өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

DAAD (Deutscher Akademischer Austauschdienst) арнайы стипендиясы бұл тағылымдаманы студенттер үшін қолжетімді етті. Тағылымдама барысында Вильдау университетінің профессорлары дәрістер оқып, кампус бойынша экскурсия ұйымдастырды. 

Студенттер зертханалармен, соның ішінде жүктерді тасымалдауға арналған автоматтандырылған конвейер жүйелерімен, заманауи басқару технологияларымен танысты. Сонымен қатар олар робототехника және 3D модельдеу зертханаларын аралады.

Бос уақытында студенттер Берлин қаласының көрікті жерлеріне барып, оның мәдениеті мен тарихымен танысты.

Тілдік тағылымдама студенттерге неміс тілін жетілдіруге және институттың жетекші серіктес университеттерінің бірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Алған білімдері мен тәжірибелері олардың болашақ мансабында маңызды рөл атқарады.

Өзгелердің жаңалығы