Үндістан елінің Нью-Дели қаласында гір көтеру спортынан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Додаға қатысқан атыраулық спортшы Ришат Галиахметов Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетіп, 95 келі салмақта гір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі байрақты жарысқа әлемнің 13 елінен 234 атлет қатысып жатқанын хабарлады.