Қазақстан СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты азаматтарға ескерту жасады

Өңірде жүрген Қазақстан азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын күшейту ұсынылады.

 Сыртқы істер министрлігі Кеше 2026, 21:19
Кеше 2026, 21:19
275
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы әскери жағдайдың шиеленісуіне және бірқатар елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты азаматтарға қауіпсіздік бойынша ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство белсенді әскери іс-қимылдар толық тоқтап, жағдай тұрақтанғанға дейін қазақстандықтарға Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман және Сирия елдеріне барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады.

Өңірде жүрген Қазақстан азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қауіпті аймақтарға бармау, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындау, зымырандық қауіп төнген жағдайда дереу паналау орындарына бару қажет екені ескертілді.

Сонымен қатар азаматтарға Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болу ұсынылды.

Наверх