Қазақстан СІМ-де Венесуэламен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

7 Қараша 2024, 23:10
232
Бөлісу:
Қазақстан СІМ-де Венесуэламен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Венесуэла Боливариан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Росальба Ло Буэ Антиконы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар Қазақстан мен Венесула арасындағы саяси, сауда-экономикалық және шарт-құқықтық салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Латын Америка елдеріндегі ахуалын талқылады.

Көпжақты форматтағы, әсіресе БҰҰ шеңберінде ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара әрекеттестікті кеңейту бойынша күш-жігерді жалғастыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы