Қазақстан СІМ-де Оңтүстік Африкамен ынтымақтастықты күшейтуді талқылады

11 Сәуір 2024, 08:15
306
Бөлісу:
Қазақстан СІМ-де Оңтүстік Африкамен ынтымақтастықты күшейтуді талқылады
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Киитуметси Сиипило Тандека Мэттьюстің кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Ә.Бақаев Африка құрлығының халықаралық аренадағы рөлінің артуы аясында Қазақстан-Оңтүстік Африка қатынастарын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Оңтүстік Африка Елшісі К.Мэтьюс Астана мен Претория арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жан-жақты ынтымақтастықты кеңейту жоспарларын белгілеп, алдағы биік және жоғары деңгейдегі сапарлар мен іс-шаралардың кестесін қарастырды.

Өзгелердің жаңалығы