Қазақстан шетелдік мамандар мен "неономадтар" үшін есігін ашуда

12 Қараша 2024, 17:42
242
Бөлісу:
Қазақстан шетелдік мамандар мен "неономадтар" үшін есігін ашуда
Фото: СІМ баспасөз қызметі

18 қарашадан бастап Қазақстанда бизнес-иммигранттар, білікті мамандар және саяхатшылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған жаңартылған виза ережелері күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа өзгерістер келесіні қамтиды:

– «В9» визасы – сұранысқа ие кәсіптер өкілдеріне одан әрі тұрақты тұруға ықтиярхатты ресімдеуге мүмкіндік беретін санаты;

– Digital Nomad Visa – IT мамандарына арналған бір реттік электронды және көп реттік қағаз визасы, тұрақты тұру мүмкіндігін береді;

– Neo Nomad Visa – айына кемінде 3000 АҚШ долларын құрайтын табысты растаған жағдайда ұзақ мерзімді болу құқығын беретін «неономадтар» үшін туристік виза;

– «С5» бизнес-визасы үшін талап етілетін құжаттар тізімі айтарлықтай азайып, отбасы қосылуы мақсатында виза алу үшін неке-отбасы қатынастар ұзақтығының минималды мерзімі үш жылдан бір жылға дейін қысқартылды.

Бұл шаралар инвестициялық ахуалды жақсартуға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, білікті мамандарды тартуға және Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы