«Қазақстан» шахтасындағы өрт ошақтары туралы облыс әкімі айтып берді

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 BAQ.KZ  - архив 15 Қараша 2023 2023, 13:25
15 Қараша 2023 2023, 13:25
840
Фото: - архив

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.


БАҚ өкілдерінде  «Қарағандыдағы «Қазақстан» шахтасында үш ай өтсе де, өрт ошақтары өшпей, лава өртеніп жатыр деген ақпарат бар. Неге өшірілмеді? Жағдай ушығып кетеді деп ойламайсыздар ма?» деген сауалға облыс әкімі жауап берді.

«Қазақстан» шахтасындағы технологиялар жұмыс істеп жатыр. Өрт ошақтары өшірілді дегенмен, кейбір аумақтарда өрт әлі де шығады. Дегенмен қауіпсіз деп айта аламыз. Мамандардың айтуынша, әзірге басқа амал жоқ. Сол себептен қауіпсіздік шаралары қатаң қадағалануда, – дейді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Наверх