Қазақстан шахматшылары алты дүркін Олимпиада чемпиондарымен тең түсті

11 турдан тұратын жарыс 27 қыркүйек күні мәресіне жетеді.

 ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 23 Қыркүйек 2026, 22:17
23 Қыркүйек 2026, 22:17
99
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Шахматтан Самарқанд қаласында өтіп жатқан 46-шы Олимпиаданың жетінші турында қатарынан алты жеңіске жеткен Қазақстан мен Қытай құрамалары өзара кездесті.

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, еліміздің атынан 16 жастағы Елназ Қалиахмет бесінші жеңісіне қол жеткізсе, үшінші үстелде ойнаған Меруерт Камалиденова қарсыласына есе жіберді. Ал Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман өз партияларында жеңімпазды анықтай алмады. Қорытынды есеп - 2:2.

Сонымен:

І-орында Қытай – 13 ұпай (6 жеңіс, 1 тең ойын)

ІІ-орында Қазақстан – 13 ұпай (6 жеңіс, 1 тең ойын).

Ерлер арасында Қазақстан құрамасы Сербияға төтеп бере алмады. Ертең 8-тур ойындары өтеді.

11 турдан тұратын жарыс 27 қыркүйек күні мәресіне жетеді.

Наверх