Бүгінде Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Сот судьяларымен кездесуде айтты, деп жазады BAQ.KZ.
Бүгінде Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Бұрын-соңды болмаған бірегей саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда дүние жүзінде дәл осындай ауқымды, мазмұнды реформалар жасап жатқан ел бірен-саран. Бұл – ақиқат. Мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Қазақстан реформатор мемлекетке айналды, – деді Мемлекет басшысы.