Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан-Қытай шекарасын енді 30 минутта өтуге болады

22 Шілде 2025, 20:29
534
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан-Қытай шекарасындағы негізгі «Бақты» мен «Алакөл» кедендік өткізу пунктін жаңғырту барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Бақты" өткізу пунктінде ЕАЭО сыртқы шекарасын жаңғырту жобасы шеңберінде ауқымды құрылыс және техникалық жұмыстар жалғасуда. Белсенді реконструкцияға қарамастан, объект жүктер мен жолаушылардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып, штаттық режимде жұмыс істейді. Мыналар:

  • қозғалыс жолақтарын кеңейту;
  • қазіргі заманғы инспекциялық-тексеру кешендерін монтаждау;
  • автоматты таразылар мен цифрлық бақылау жүйелерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

МКК төрағасы:

  • барлық құрылыс және монтаждау жұмыстарының аяқталуын жеделдетуді;
  • кеден маңындағы инфрақұрылымға рәсімдерді шығару есебінен шекарада бақылауды барынша азайтуды тапсырды.

"Алакөл" өткізу пунктінде реконструкциялау аяқталды және 2025 жылғы 12 мамырдан бастап ол толық көлемде жұмыс істейді. Мыналар:

  • жылдам сканерлеудің жете тексеру кешендері;
  • автоматты салмақ габаритті өлшегіштер;
  • нөмір белгілерін тану жүйелері;
  • логистикалық бақылаудың интеграцияланған жүйесі енгізілді.

Жолақ саны 2-ден 6-ға дейін ұлғайтылды, бұл шекарадан өту уақытын 1-2 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Жыл соңына дейін шекарадан өтудің орташа уақыты 10-15 минутқа дейін жеткізілсін. Негізгі акцент — цифрландыру және қағаз рәсімдерінен толық бас тарту, - деді деді Жандос Дүйсембиев.

Ұлттық жаңғырту жобасы шеңберінде 9 автомобиль өткізу пунктін техникалық қайта жарақтандыру жүргізілуде. 

Бүгінгі таңда 4-інің жұмысы аяқталды:

  • "Қалжат" және "Алакөл" (ҚХР-мен шекарада);
  • "Қапланбек" және "Атамекен" (Өзбекстанмен шекарада).

2025 жылдың соңына дейін тағы 5 өткізу пунктін жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда:

"Қазығұрт", "Тәжен", "Темір баба", "Майқапшағай" және "Бақты".

Азаматтардың, бизнестің мүддесі және елдің сыртқы экономикалық тұрақтылығы үшін үздік халықаралық стандарттарға сай келетін қазіргі заманғы, технологиялық және жоғары тиімді өткізу пункттерін құру.

Өзгелердің жаңалығы