Қазақстан-Қытай достық шамы: Елордада ерекше көрме өтті

10 Ақпан 2025, 11:35
249
Бөлісу:
Қазақстан-Қытай достық шамы: Елордада ерекше көрме өтті
PHOTO
Фото: автордан

Қытай елшілігі елордалықтар мен қала қонақтарына "Көңілді көктем мерекесі" түрлі-түсті шамдар көрмесі мен Қазақстандағы "Қытай туризмі жылын" таныстырды.

ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлинь қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтап, көрменің маңызын айтты.

Қазақстан-Қытай достық шамы: Елордада ерекше көрме өтті

Қытай дәстүрі бойынша, Қытай Жаңа жылы шығыс күнтізбесінің бірінші айы аяқталғанша тойланады. Бүгін – Ай күнтізбесі бойынша жаңа жылдың 11-ші күні. Осы тамаша мерекеде сіздермен бірге болып, отбасы берекесі мен жақсылықтың белгісі саналатын шамдарды жағу мен үшін үлкен қуаныш, - деп елші елордалықтарды қазақ тілінде Жаңа жылмен құттықтады.

Хань Чуньлинь атап өткендей, елдеріміз ынтымақтастықтың жаңа “Алтын отыз жылын” сәтті бастады. Екі ел саяси өзара сенімді нығайтуды жалғастырып, әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуге маңызды үлес қосып жатыр.

Қазақстан-Қытай достық шамы: Елордада ерекше көрме өтті

Еске сала кетсек, былтыр желтоқсан айында Қытайдың Көктем мерекесі ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізілді. Дипломат атап өткендей, бұл мереке Қытай халқының бейбітшілік, келісім және бірлік құндылықтарына ұмтылуын білдіреді.

Қазақстан-Қытай достық шамы: Елордада ерекше көрме өтті

Осы құндылықтар қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіне өте ұқсайды. Биыл Қытай шығыс күнтізбесінде жылан жылы, сондай-ақ Қазақстанда да осы жануар жыл белгісі саналады. Қытай мәдениетінде жылан руханилықтың, даналықтың және өміршеңдіктің символы және егін, сәттілік пен сәттілікті білдіреді. Алуан-түсті шамдар да қытай халқының отбасы мен өмірге деген ізгі тілектердің символы. Қытай және қазақ халықтарының мәдени нышандары мен дәстүрлері ұқсас, бұл екі халықтың мыңдаған жылдар бойы ежелгі Жібек жолындағы қалыптасқан өзара ықпалдастық пен тәжірибе алмасудың айқын көрінісі, - деді Хань Чуньлинь іс-шараның ашылуында.

Қазақстан-Қытай достық шамы: Елордада ерекше көрме өтті

Елші шамдардың мән-маңызын түсіндірді.

Қазақстан-Қытай достық шамы: Елордада ерекше көрме өтті

Біз бүгін жағып отырған әрбір шам екі өркениет арасындағы мыңжылдық диалогтың тарихын баяндайды. Чанъань қаласының түнгі шамдары бір кездері көне Жібек жолы бойындағы түйе керуендерінің сапарын нұрландырса, қазақ даласындағы алау оттары саяхатшы көпестердің суық түндерін жылытқан. Дәстүрлі қытай шамдары тек жарық өнері ғана емес, сонымен қатар қытай мен қазақ өркениеттері арасындағы өзара ықпалдастықтың жарқын көрінісі. Жаңа жылда қытай тарапы Қазақстанмен бірге дәстүрді жалғастыру шамын жағып, екі ел басшыларының дипломатиясын стратегиялық басшылығымен ғасырлар бойғы Қытай-Қазақстан Жібек жолы достығын жаңа өміршеңдікпен жалғастыруға дайын. Қазақстанмен бірге достық шамын жағып, халықтар арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты кеңейтіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын достықтың жаңа парағын ашқымыз келеді. Сондай-ақ, үміт шамын жағып, Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеріп, өңірлік және жаһандық бейбітшілік пен дамуға, адамзаттың ортақ тағдырлас тұлғасы қалыптастыруға үлес қосуға ниеттіміз, - деп айтты Қытай елшісі.

Қазақстан-Қытай достық шамы: Елордада ерекше көрме өтті

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев Қазақстан мен Қытай көптеген жыл бойы берік және өзара тиімді әріптестік байланыстарды жалғастырып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстан-Қытай достық шамы: Елордада ерекше көрме өтті

Қазақстан мен Қытай көптеген жылдар бойы берік және өзара тиімді әріптестік қатынастарды байланыстырып келеді, ал Астана Қазақстанның елордасы ретінде осы ынтымақтастықта шешуші рөл атқарады. Біздің елдеріміз “Бір белдеу, бір жол” бастамасы аясында белсенді жұмыс істеуде, ол қазірдің өзінде нақты нәтижелер әкеліп, елдеріміздің бірлесіп дамуына жаңа мүмкіндіктер ашауда. Сондай-ақ Астана мен Қытайдың Бейжің, Үрімжі сияқты қалалар арасындағы бауырлас байланыстардың маңыздылығын атап өткім келеді. Бұл серіктестік достықты нығайтуға ғана емес, сонымен қатар ел арасындағы өзара түсіністікті кеңейтуге де ықпал етеді. 2024 жыл Қытайда Қазақстанның Туризм жылы, ал 2025 жыл Қазақстанда Қытайдың Туризм жылы ретінде жариялануы – екі ел арасындағы өзара құрметіміздің айқын көрінісі, - деді Мақсат Жаңабаев көрмеде сөйлеген сөзінде.

Қазақстан-Қытай достық шамы: Елордада ерекше көрме өтті

Ол “Көңілді көктем мерекесі” көрмесі – Қытай мәдениетінің байлығын және тереңдігін жарқын түрде бейнелейтін бірегей шара екенін қоса кетті. Бұл көрме сөзсіз елордамыздың тұрғындары мен қонақтарының жүрегінде ерекше орын алып, екіжақты мәдени алмасу мен достықтың жаңа белестерін ашатынына сенім білдірді.

Қазақстан-Қытай достық шамы: Елордада ерекше көрме өтті

Көрмеге қойылған жылан шамын елшілік арнайы Қытайдан алдырған. Фестивальге жиналған қауым қазақ-қытай мәдениетін таныстыратын қойылымдарды шамашалап, каллиграфиямен айналысып, қытай асханасынан дәм татуға мүмкіндік алды.

Қазақстан-Қытай достық шамы: Елордада ерекше көрме өтті
Қазақстан-Қытай достық шамы: Елордада ерекше көрме өтті
Қазақстан-Қытай достық шамы: Елордада ерекше көрме өтті
Өзгелердің жаңалығы