Қазақстан Қытай банкінен неге қарыз алды

Бүгiн, 04:48
529
Бөлісу:
Қазақстан Қытай банкінен неге қарыз алды
Фото: архив

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі Қытайдың Сауда-өнеркәсіп банкінен (ICBC) 400 миллион юань қарыз алды. Бұл туралы холдинг басшысы Рустам Қарағойшин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеше "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Қытайдың Сауда-өнеркәсіп банкінен алғаш рет юаньмен қарыз алғаны хабарланған. Енді Үкіметте өткен брифингте Рустам Қарағойшин оның сомасын нақтылады.

Бұл кеше болған өте маңызды оқиға және бұл тек қана басы. Қарыз көлемі – 400 миллион юань. Мұның маңыздылығы – біз алған юань құны өте жақсы, біздің инвестициялық жобаларға сәйкес құнын құрайды. Біз бұл қаражатты ақыр аяғында 7-8 пайыз юаньда 10-15 жылдық жобаларға жібереміз, − деп жауап берді басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, бұл қарыз өсімдік шаруашылығына жұмсалды.

Айта кетерлігі, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі АҚ жалғыз акционері – ҚР Үкіметі.

Өзгелердің жаңалығы