Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Қытай "Бір белдеу, бір жол" жобасының жоғары сапалы құрылысын және әртүрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты бірлесіп ілгерілету үшін Қазақстанмен жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қытай мен Қазақстан – таулар мен өзендерді байланыстыратын, тағдыры ортақ тату көршілер. Биыл шілде айында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапарын сәтті жасап, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астана саммитіне қатысып, Қытай мен Қазақстан арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті, сондай-ақ әртүрлі салаларда ынтымақтастықты дамытудың жаңа жоспарын белгіледі, - деді дипломат.
Чжан Сяо атап өткендей, биылдың басынан бері Қазақстан-Қытай саудасы қарқынды өсуді сақтап қалды. Қытай Кеден қызметінің статистикасына сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Қытай мен Қазақстан арасындағы тауарлардың жалпы импорты мен экспорты 25,5 миллиард долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17 пайызға артқан.
Қытай мен Қазақстан арасындағы “Бір белдеу, бір жол” бірлескен құрылысы жоғары сапада ілгерілеп, түрлі салалардағы іс жүзіндегі ынтымақтастық жаңа маңызды жетістіктерге жетіп келеді. Қытай-Қазақстан қарым-қатынастары жаңа "алтын отыз жылға" аяқ басты және жаңа тарихи даму мүмкіндіктерін күтіп тұр. Қытай жаңа тарихи бастау нүктесінде тұрып, шілде айындағы сапарды саяси өзара сенімді тереңдету, "Бір белдеу, бір жол" жобасының жоғары сапалы құрылысын және әртүрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты бірлесіп ілгерілету үшін Қазақстанмен жұмыс істеуге дайын, - деп айтты Чжан Сяо.
Оның сөзінше, бірінші жартыжылдықта Қытайдың жалпы ішкі өнімі 61,7 триллион юаньға жуықтап, бір жылмен салыстырғанда 5%-ға өскен. Елшінің айтуынша, жұмыссыздықтың орташа деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 0,2 пайызүа төмендеп, 5,1% құраған. Ал баға деңгейі қалыпты қалпына келтірілген, мысалы, тұтынушылық бағалар бір жылда 0,1%-ға ғана өскен.
Жалпы тауар импорты мен экспорты 21,2 триллион юань болып, рекордтық көрсеткішке жеткен. Сондай-ақ Қытай экономикасы сапаны тез көтеріп, жақсарып келеді. Қазіргі уақытта Қытай патенттік өтінімдер саны бойынша әлемде бірінші орында, жоғары технологиялық кәсіпорындар саны шамамен 40 мыңға дейін өсті, жоғары технологиялық салаларға салынған инвестиция ұзақ жылдар бойы екі таңбалы өсуді сақтап қалды, жасанды технологиялар сияқты технологиялар, барлау және кванттық байланыстар әлемдегі алғашқылардың бірі саналады. Жоғары технологиялық, интеллектуалды және жасыл өндіріс салаларын жаңарту жалғасып келеді, - деп айтты елші.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қытайдың Сычуань провинциясының Чэнду қаласында әлем БАҚ-тарының басын біріктірген “Бір белдеу, бір жол” медиа-ынтымақтастығы форумы өтіп жатыр.