Қазақстан құтқарушылары Ауғанстандағы жұмыстарды аяқтады

14 Қазан 2023, 10:40
971
Бөлісу:
Қазақстан құтқарушылары Ауғанстандағы жұмыстарды аяқтады
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Құтқарушылар Ауғанстандағы жұмыстарды аяқтап, бүгін 14 қазанда үйлеріне қайтады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауғанстанда құтқару жұмыстары басталғаннан бері қазақстандық құтқарушылар қаза тапқан 1 баланың денесін шығарып, жергілікті 80 тұрғынға медициналық көмек көрсетті және жер сілкінісі салдарынан қираған үйлердің 211 үйіндісін қазды.

Сондай-ақ қазақстандық мамандар Наиброфи (Герат провинциясы) елді мекеніндегі қираған үйлердің 700 учаскесін зерттеді.

10 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ТЖМ-нің 45 қызметкері жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға жіберілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы